ҚазМұнайГаздың иелігіндегі ҚазТрансОйл компаниясының таза табысы 13,6% азайды, делінген компанияның 2023 жылдың бірінші тоқсанындағы қаржылық есебінде.
ҚазТрансОйл АҚ 2023 жылдың 3 айының қаржылық нәтижелерін жариялады. «ҚазТрансОйл» АҚ-ның 2023 жылдың 3 айындағы шоғырландырылған кірісі 67 млрд 851,6 млн теңгені құрады, бұл 2022 жылдың 3 айындағы сәйкес көрсеткіштен 21%-ға жоғары.
2023 жылдың 3 айында «ҚазТрансОйл» АҚ шоғырландырылған таза пайдасы 8 млрд 819,5 млн теңгені құрады, бұл 2022 жылдың 3 айындағы сәйкес көрсеткіштен 13,6%-ға төмен.
Айта кетейік, ҚазТрансОйл компаниясы 2022 жылы 19,8 млрд теңге таза табыс тауып, оның 15 млрд теңгесін дивиденд төлеуге жұмсамақ.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚазМұнайГаздың да таза табысының төмендегендігі айтылған.