Доллар алдағы апталарда арзандауы мүмкін

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы дайындаған шолуға сәйкес, сәрсенбі күнгі сауда қорытындысында доллар бағамы төмендеуін жалғастырып, 1 доллар 469,64 теңгені құрады. Күндік өзгеріс – -2,14 теңге.

Сарапшылары теңгенің нығаюына ықпал еткен негізгі факторларды атап өтті:

  • инфляция қарқынының баяулауы;

  • шетел валютасына артқан сұраныстың біртіндеп қанағаттандырылуы;

  • резидент емес инвесторлардың теңгелік активтерге қызығушылығының артуы.

Сарапшылардың пікірінше, алдағы апталарда теңгенің одан әрі нығаю әлеуеті әлі де сақталып отыр. Бұған Ұлттық банктің операциялары аясындағы шетел валютасын белсенді конвертациялау және тоқсандық салық кезеңінің жақындауы әсер етуі мүмкін. Бұл кезеңде экспорттаушылар салық төлемдері үшін нарыққа қосымша валюта көлемін шығаруы ықтимал.