ҚазТрансОйл 2023 жылдың 24 мамырында өткен акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы хабарлады.

Акционерлер, оның ішінде, келесі шешімдерді қабылдады:

— компанияның 2022 жылға аудиттелген қаржылық есептілігі бекітілсін;

— компанияның 2022 жылға аудиттелген шоғырландырылған қаржылық есептілігі бекітілсін;

— компанияның 19 801 693 000 теңге мөлшеріндегі 2022 жылдағы таза табысын бөлудің мынадай тәртібі бекітілсін:

  • дивидендтер төлеуге 15 000 495 861 теңге бағытталсын;
  • таза табыстың 4 801 197 139 теңге мөлшеріндегі қалған сомасы бөлінбесін және компанияның иелігінде қалдырылсын;
  • компанияның жай акциялары бойынша 2022 жылға дивидендтерді төлеудің басталу күнін – 2023 жылдың 13 маусымы деп белгіленсін.