ҚазМұнайГаз мұнай-газ компаниясы, тәуелсіз аудитордың аралық қаржылық ақпаратын шолып тексеру нәтижелері жөніндегі есеппен 2023 жылғы 31 наурызда аяқталған үш айдың қаржылық есебін жариялады.
2023 жылдың бірінші тоқсанындағы негізгі қаржылық көрсеткіштер] – 2022 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда:
- Табыс 1 887 млрд теңге (4 149 млн АҚШ доллары), былтыр 2 182 млрд теңге (4 770 млн АҚШ доллары);
- EBITDA көрсеткіші 550 млрд теңге (1 210 млн АҚШ доллары); былтыр 596 млрд теңге (1 304 млн АҚШ доллары);
- Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардағы пайда үлесін ескергенде, компанияның таза пайдасы 288 млрд теңге (632 млн АҚШ доллары), былтыр 332 млрд теңге (726 млн АҚШ доллары);
- Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардағы пайда үлесіне түзетілген таза пайда 96 млрд теңге (211 млн АҚШ доллары); былтыр 112 млрд теңге (245 млн АҚШ доллар);
- Бос ақша ағыны минус 53 млрд теңге (минус 116 млн АҚШ доллары); былтыр минус 162 млрд теңге (355 млн АҚШ долларын);
- 2023 жылғы 31 наурыздағы жалпы қарыз 4 143 млрд теңге (8 956 млн АҚШ доллары); 2022 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткіш 4 229 млрд теңге (9 362 млн АҚШ доллары) құрады;
- Компанияның 2023 жылғы 31 наурыздағы таза қарызы 2 117 млрд теңге (4 688 млн АҚШ долларын); 2022 жылғы 31 желтоқсанда 2 143 млрд теңге (4 632 млн АҚШ доллары).
2023 жылдың бірінші тоқсанындағы өндірістік нәтижелер – 2022 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда:
- Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 8,7% артып, 5 961 мың тоннаны құрады;
- Мұнай тасымалдау көлемі 18 309 мың тоннамен салыстырғанда 18 858 мың тоннаны құрады;
- Қазақстандық және румындық МӨЗ-де көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі жиынтығында 8,1% ұлғайып, 4 936 мың тоннаны құрады.
2023 жылдың бірінші тоқсанындағы қаржылық нәтижелерге шолу
Табыс
Табыс 1 887 млрд теңгені (4 149 млн АҚШ долларын) құрады, бұл 2022 жылдың бірінші тоқсанындағы көрсеткіштен 13,5% төмен.
Түсім динамикасына Brent маркалы мұнайдың орташа бағасының тоқсанына 20,6% төмендеуі теріс әсер етті.
Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардағы пайда үлесі
Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардағы пайда үлесі 29,7% азайып, негізінен пайданың «Теңізшевройл» ЖШС-дан 71 млрд теңгеге (153 млн АҚШ доллары), «Маңғыстау Инвестментс Б.В.»-дан 24 млрд теңгеге (52 млн АҚШ доллары) төмендеуі нәтижесінде 192 млрд теңгені (421 млн АҚШ долларын) құрады.
EBITDA
EBITDA көрсеткіші 2023 жылдың бірінші тоқсанында мұнай мен газды барлау және өндіру сегментінің 28,6% төмендеуі салдарынан 550 млрд теңгені (1 210 млн АҚШ долларын) құрап, 596 млрд теңгемен (1 304 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 7,7% қысқарды. Бұл төмендеу негізінен Мұнай мен газды барлау және өндіру сегменттегі 28,6% төмендеуге байланысты Brent маркалы мұнайдың орташа бағасының 20,6% төмендеуімен байланысты.
Түзетілген EBITDA көрсеткіші
Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың кірістеріндегі үлестің орнына бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивидендтерді көрсететін EBITDA түзетілген көрсеткіші 359 млрд теңгені (789 млн АҚШ долларын) құрап, 4,6% төмендеген.
Таза пайда
Компанияның таза пайдасы 2022 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 13,4% азайып, 288 млрд теңгені (632 млн АҚШ долларын) құрады.
Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардағы үлеске түзетілген таза пайда
Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың үлесіне түзетілген таза пайда 112 млрд теңгеден (245 млн АҚШ доллары) 96 млрд теңгеге (211 млн АҚШ доллары) дейін 14,1% қысқарды.
Өзіндік құн
Есепті кезеңде сатып алынған мұнайдың, газдың, мұнай өнімдерінің және өзге де материалдардың өзіндік құны 29,6% төмендеп, 1 032 млрд теңгеге (2 268 млн АҚШ доллары) жетті. Құнның төмендеуі негізінен мұнайдың орташа бағасының төмендеуіне байланысты қайта сату үшін сатып алынған мұнай құнының төмендеуіне байланысты.
Операциялық шығындар
Өндірістік шығындар 38,9% өсіп, 260 млрд теңгені (572 млн АҚШ долларын) құрады, бұл көбінесе ҚМГ қатысатын өңірлердегі жұмыскерлерге жалақы төлеуге арналған шығындардың және қысқа мерзімді жалдау бойынша сыйақыларға арналған шығындардың өсуімен байланысты.
Тасымалдау және өткізу бойынша шығындар 61 млрд теңгені (134 млн АҚШ долларын) құрады, бұл 2022 жылдың бірінші тоқсанындағы көрсеткіштен 33,6% жоғары.
Жалпы және әкімшілік шығындар 33 млрд теңгені (73 млн АҚШ долларын) құрап, 2022 жылдың бірінші тоқсанындағы деңгейде қалды.
Табыс салығынан басқа салықтар 12,7% өсіп, 142 млрд теңгеге (312 млн АҚШ доллары) жетті, бұл негізінен акциздік салық ставкасының ұлғаюына байланысты.
2022 жылдың бірінші тоқсанында 259 млрд теңге (604 млн. АҚШ доллары) сомасындағы «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-ның Eximbank-тен алынған қарызды мерзімінен бұрын өтеу бойынша комиссия шығындары болғандықтан, қаржылық шығындар 77 млрд теңгені (168 млн АҚШ долларын) құрады, бұл 2022 жылғы ұқсас кезеңнің көрсеткішінен 10,0% аз.
Күрделі шығындар
Компанияның күрделі шығындары (есептеу әдісі бойынша, сегмент есептілігінде ашылған) 151 млрд теңгені (332 млн АҚШ долларын) құрап, негізінен «Өзен-Атырау-Самара» құбырлары учаскесін ауыстыруға және «Астрахань-Маңғышлақ» магистральдық су ағызғысын қайта жаңарту мен кеңейту, сондай-ақ, "Қаламқас теңіз, Хазар, Әуезов" және "Жеңіс" жобалары бойынша шығындарға байланысты 105,1% ұлғайды.
Бос ақша ағыны
Бос ақша ағыны 2022 жылдың бірінші тоқсанындағы 162 млрд теңгемен (355 млн АҚШ доллары) салыстырғанда минус 53 млрд теңгені (минус 116 млн АҚШ долларын) құрады. Көрсеткіштің теріс мәні кезеңде мұнай бағасының төмендеуімен, шикі мұнай мен мұнай өнімдерін өткізу көлемінің азаюымен, сондай-ақ күрделі шығындардың ұлғаюына байланысты.