Ұлттық экономика министрлігінің бұйрық жобасына cәйкес ауылдық жерге көшетін IT мамандары мен архив ісі қызметкерлерін мемлекеттік әлеуметтік қолдау алушылар қатарына қосу ұсынылды.
Мақсат осы сала мамандарының ауылдарға барып жұмыс істеуін ынталандыру.
Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығынана сай, қазір денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға мемлекеттік қолдау бар.