Қазақстанда қытайлық JAC маркасының барлық моделінің бағасы төмендеді. Компанияның ресми хабарламасына сәйкес, жеңілдіктер кей жағдайда 2,6 млн теңгеге дейін жетеді.

Лифтбектер: J7 және J7 Plus

Баға өзгерісі ең алдымен J7 сериясына әсер етті.

JAC J7 – қазірден бастап 8,9 млн теңгеден басталады (–800 мың теңге).

J7 Plus – 1,1 млн-ға арзандап, 9,6 млн теңгеден сатыла бастады.

Кроссоверлер: ауқымды жеңілдіктер

Кроссоверлер ішінде бірнеше модель айтарлықтай арзандаған:

JS4 – 8 млн теңге (–900 мың);

JS5 – 8,6 млн теңге (–2,1 млн);

JS6 – 8,9 млн теңге (–2,6 млн, ең көп жеңілдік осы модельде);

JS8 – 11,6 млн теңге (–1,5 млн).

Сарапшылардың пікірінше, орташа класс сегментіндегі JS6 бағасының төмендеуі тұтынушылар үшін ең тартымды ұсыныс болуы мүмкін.

Электромобиль: e-J7

Электр седаны да арзандады. JAC e-J7 бағасы қазан айында 700 мың теңгеге төмендеп, 12,3 млн теңгеден сатылып жатыр. Бұл JAC-тың Қазақстан нарығында электрлі көлікке сұранысты ынталандыруға қадам жасап отырғанын көрсетеді.

JAC модельдік қатарының ішінде ең арзан көлік – S3 Pro. Қазір ол 7,5 млн теңгеден бастап ұсынылған.

Айта кетсек, бұған дейін қытайлық Changan бренді Қазақстандағы барлық моделіне бағаны 10–19,5% түсіргенін хабарлаған едік. Сонымен қатар ресми автодилерлер жаңа көліктердің бағасын төмендетіп жатыр. Бұған дейін Chery, Changan мен Havel модельдері 7-15% арзандайтынын жазған едік. Оған дейін Kia көліктері 4 млн теңгеге дейін арзандады.  Сондай-ақ BYD, Changan, Chery және Hyundai маркалары арзандағаны жарияланған еді. Одан кейін Қазақстанда Hyundai Elantra седанына жеңілдіктер жарияланған болатын