Hyundai, Changan, Chery, BYD көліктері арзандап кетті

Hyundai, Changan, Chery, BYD көліктері арзандап кетті

Қазақстандп жаңа көліктер арзандап жатыр, деп хабарлайды Курсив «Астана Моторсқа» сілтеме жасап.

BYD

Казахстандағы қытай бренді дистрибьюторы тамыз айының соңына дейін BYD Song Plus DM-i гибридінің «100 km Flagship» комплектациясына жеңілдік бар екенін растады. Қазір автокөлікті 15,6 млн теңгеге алуға болады — бұл бұрынғы бағадан шамамен 2,3 млн теңгеге арзан.

Changan

Тамыз айының басынан бастап бюджеттік Changan Alsvin седаны да арзандады. 1,5 литрлік, 98 ат күшті қозғалтқышы бар және 5 сатылы «роботты» қорабы бар көлік енді 5,9 млн теңге тұрады.

Chery

Chery автокөліктеріне де акциялы бағалар ұсынылуда. Мысалы, Tiggo 2 Pro — 7,09 млн теңге (–1,1 млн теңге), Tiggo 4 Elite — 9,19 млн (–1,3 млн), Arrizo 8 Premium — 11,99 млн (–2,1 млн), ал Arrizo 8 Luxury — 12,89 млн теңге (–2,1 млн).

Hyundai

Төрт марканың ішінде ең көп арзандау Hyundai-да байқалды. Мысалы, Elantra седаны Smart комплектациясында енді 9,9 млн теңге тұрады — бұл бұрынғы бағадан шамамен 1,9 млн теңгеге арзан. Elegance комплектациясы — 10,4 млн теңге (–2 млн).

Santa Fe кроссовері Travel комплектациясында — 19,07 млн теңге (–2,12 млн), Prime — 19,88 млн (–2,21 млн), ал 6 орындық Calligraphy — 25,66 млн теңге (–3,83 млн).

Hyundai Sonata бағасы комплектациясына қарай 13,76–18,98 млн теңге аралығында. Бұл седандарға жеңілдіктер 1,5 млн-нан 2,1 млн теңгеге дейін жетеді.

2025 жылғы Custin минивэндері 15,54 млн (–1,35 млн) бастап 17,57 млн теңгеге дейін (–0,92 млн) сатылады.

Алғашқы буындағы Palisade моделі 7 орындық Luxe нұсқасында — 27,45 млн теңге, 8 орындық Calligraphy — 27,96 млн теңге, бұл бұрынғы бағадан шамамен 5 млн теңгеге арзан.