Қытайлық Changan бренді Қазақстандағы барлық моделіне бағаны 10–19,5% түсірді. Жаңа баға 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап күшіне енді және елдегі 26 ресми дилерлік орталықты қамтиды.
Бағасы төмендеген үлгілер
Changan-ның ең танымал модельдері арзандады. Мысал ретінде:
• UNI-V Sport – 14,39 млн тг-ден 11,99 млн тг-ге (–16,7%),
• CS55 Plus Comfort – 12,89 млн тг-ден 10,39 млн тг-ге (–19,4%),
• UNI-T Tech – 14,69 млн тг-ден 12,49 млн тг-ге (–15%),
• CS95 Tech Black – 21,59 млн тг-ден 19,39 млн тг-ге (–10,2%).
Компания пікірі
Changan Kazakhstan директоры Денис Коломацкий бағаның төмендеу себебін түсіндірді.
«Біздің мақсат – қазақстандықтарға заманауи, сенімді әрі стильді көлікті қолжетімді ету. Бұл қадам клиенттерге деген қамқорлықтың бір көрінісі», – деді ол.
Қазақстандағы Changan сатылымы
Changan 2022 жылдан бері Қазақстанда 22 мыңнан астам көлік сатқан. Бұл брендті еліміздегі қытайлық автоөндірушілердің көшбасшыларының біріне айналдырды.
Айта кетсек, ресми автодилерлер жаңа көліктердің бағасын төмендетіп жатыр. Бұған дейін Chery, Changan мен Havel модельдері 7-15% арзандайтынын жазған едік. Оған дейін Kia көліктері 4 млн теңгеге дейін арзандады. Сондай-ақ BYD, Changan, Chery және Hyundai маркалары арзандағаны жарияланған еді. Одан кейін Қазақстанда Hyundai Elantra седанына жеңілдіктер жарияланған болатын.