АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздерде ілгерілеу болуы мүмкін деген мәлімдемелерден кейін мұнай бағасы соңғы екі аптадағы ең төменгі деңгейге дейін арзандады. Тараптар Ормуз бұғазы арқылы шикізат жеткізуге қатері ықтимал азаюы аясында қара алтын құны бүгін Астана уақытымен 02:45-те Азия нарығы ашылғанда шамамен 104 доллардан 95 долларға бір-ақ құлдырады.

АҚШ президенті Дональд Трамп сенбі күні Вашингтон мен Тегеран бейбіт реттеу жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға «жалпы келіскенін» мәлімдеді. Болжам бойынша, бұл келісім Ормуз бұғазы арқылы толыққанды кеме қатынасын қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Қақтығысқа дейін осы бағыт арқылы әлемдік мұнай мен сұйытылған табиғи газ жеткізілімінің шамамен 20%-ы өткен.

Дегенмен келісімге қол жеткізілген күннің өзінде Ормуз бұғазы арқылы тұрақты жеткізілімдерді толық қалпына келтіру және зақымданған мұнай-газ инфрақұрылымын жөндеу бірнеше айға созылуы мүмкін.

Сонымен қатар оң сигналдарға қарамастан, тараптар әлі де бірқатар маңызды мәселелер бойынша ортақ пікірге келе алмады. Жексенбі күні Трамп өз командасына келісімді жеделдетпеуді тапсырғанын айтты.