Ресми автодилерлер жаңа көліктердің бағасын төмендетуді жалғастыруда. Бұған дейін BYD, Changan, Chery және Hyundai маркаларынан кейін Қазақстанда Kia модельдері де арзандап жатыр. Дистрибьютор сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, баға 1,4–4 млн теңгеге төмендеген және тамыз айының соңына дейін осылай болады.
Акция аясында брендтің алты моделінің бағасы арзандады. Мысалы, Kia Ceed 1,44 млн теңгеге арзандап, енді 10,9 млн теңгеден басталады. Ал K5 седаны шамамен 2,1 млн теңгеге арзандап, 14,03 млн теңгеден сатылуда.
Бағдарламаға Seltos және Sportage кроссоверлері де қатысады. Seltos-тың базалық жинақтамасы 12,23 млн теңгеге түсіп отыр (–1,73 млн), ал Sportage 14,5 млн теңгеден басталады (–2,22 млн).
Үлкенірек модельдер арасында Kia Sorento 2,8 млн теңгеге арзандап, 19,07 млн теңгеден сатылуда. Ал флагмандық K8-дің бағасы 4 млн теңгеге төмендеп, 20,8 млн теңгені құрады.