Chery, Changan мен Haval модельдері 7-15% арзандайды

Chery, Changan мен Haval модельдері 7-15% арзандайды

Қазақстанда мультибрендті Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) зауыты іске қосылды. Кәсіпорын алғашқы Chery, Changan және Haval автокөліктерін құрастырып үлгерді. Осыған орай Astana Motors 16 қыркүйектен бастап бұл маркалардың бағасын 7–15%-ға төмендететінін жариялады, деп жазады Forbes.kz.

Astana Motors негізін қалаушы Нұрлан Смағұловтың айтуынша, локализация деңгейінің артуы өндіріс құнын азайтып, көліктерді қолжетімді етпек.

Өндірістік қуат және технологиялар

Зауыттың жобалық қуаты – жылына 120 мың автомобиль. Бүгінде мұнда 1700 адам еңбек етсе, толық жүктемеде 3600 жұмыс орны ашылмақ.

Жабдықтың негізгі жеткізушілері – Automotive Engineering Corporation (Қытай), сондай-ақ ABB (Швеция–Швейцария), Bosch (Германия), Fanuc (Жапония), Siemens (Германия) сияқты әлемдік брендтер.

Инвестиция мен серіктестік

Жобаға салынған инвестиция көлемі 202 млрд теңгеден асты. Оның 37%-ы – Astana Motors-тың өз қаржысы, 63%-ы – ҚР Даму банкі мен Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы алынған несие. Құрылыс жұмыстары 2022 жылы басталып, 2023 жылы Қытайда қол қойылған технико-лицензиялық келісімдерден кейін қарқын алды.

Айта кетсек, ресми автодилерлер жаңа көліктердің бағасын төмендетуді жалғастыруда. Kia көліктері 4 млн теңгеге дейін арзандады.  Бұған дейін BYD, Changan, Chery және Hyundai маркалары арзандағаны жарияланған еді. Одан кейін Қазақстанда Hyundai Elantra седанына жеңілдіктер жарияланған болатын