Асхат Адхамов 20 жаста. Осы жылдың көктемінде оқушылар қашықтықтан оқытуға көшкен кезде Асхат математика және ағылшын тілін оқытатын дайындық курстары бойынша Ad Astra онлайн-мектебін ашқан болатын. Жаңа мектеп жарты жылдан астам уақыт жұмыс жасаса да, қазіргі кезде оның компаниясында 140 адам жұмыс істейді, оның 109-ы — оқытушы. Нарықтағы үлкен бәсекелестікке және әлемдегі қаржылық дағдарысқа қарамастан, Асхаттың жобасы соңғы 3 айда 6 есе өсіп, мектептің ай сайынғы табысы 5 миллион теңгеге дейін жеткен. Оның айтуынша, оған Astana Hub технопаркінің акселерациялық бизнес-бағдарламасы көмектесті. Сұхбатымызда Асхат карантин кезінде бизнес құру идеясының оған қалай келгені, жас кәсіпкердың тап болған қиындықтары мен мектепке оқытушыларды іріктеу қалай өткені туралы әңгімелейді. Бұл туралы Astana Hub баспасөз қызметі хабарлайды.

Асхат, өзіңіз туралы айтып беріңізші? Сіз студентсіз бе?

Қазір мен 20 жастамын. Мектепті бітіргеннен кейін еліміздің беделді жекеменшік жоғары оқу орындарының біріне IT-мамандығына оқуға түстім. Алайда бірінші курстан кейін өз бизнесіммен айналысу үшін университеттен кетіп қалдым. Бұған дейін оқушыларға техникалық пәндерден сабақ беруде тәжірибем болды. Бизнес бойынша тәлімгер тауып, ол менің жобама инвестиция құйды. Осылайша, ол арманымды жүзеге асырудағы алғашқы қадамдарымды жасауға көмектесті. Ол жоба да білім беру орталығы болған. Ол кезде тіпті бірнеше қалада филиалдар ашып үлгерген едік. "Адамды бір рет тамақтандырғың келсе, оған балық бер. Оны барлық өмір бойына тамақтандырғың келсе, оған балық аулауды үйрет" философиясын басшылыққа алып, бұл әдіснаманы оқу процесіне енгіздік және студенттеріміздің жетістіктерінің жақсарғанын бірден байқадық.

Алғашқы жобаның нәтижелілігін жүздеген студенттеріміздің өз мақсаттарына жете бастағанынан көре аламыз. Бүгінгі күні біз олармен әлі де байланыстамыз. Дегенмен, бірінші жоба шектеулі адамдарға ғана көмектесе алды. Ал мен оқушылардың Қазақстанның әр өңірінен болғанын қаладым, сол себепті бірінші жоба өз жұмысын менсіз жалғастыруда.

 

Ad Astra жобасы қашан құрылды?

2020 жылдың сәуірінде, бүкіл әлем бойынша карантин жарияланған кезде. Бұл кезде көпшілік онлайн сабақтарын бірден ұйымдастыра алмады. Алғашында менде ресурстар да, команда да болмады, сондықтан өзімнен бастауды жөн көрдім. Білгенімше Instagram-парақша құрып, сайт құрастырып, жарнама жүргізіп, сатылымдар жасап, сабақтарды өздігімше жүргізе бастадым. Сабақ беруде тәжірибем болғанын айтқан едім. Оқушыларға және олардың ата-аналарына бәрі қатты ұнады, сол себепті де клиенттік база өсе бастады. Осы кезден жалғыз күресуді тоқтатып, жеке кәсібімді аштым және алғашқы қызметкерлерді жалдай бастадым.

Жобаңыз туралы айтып берсеңіз, оның ерекшелігі неде?

Менің ойымша, дәстүрлі мектептер бір уақытта балаларға бірдей пәндерді оқытатын білім беру зауыттары іспеттес. Бұл нәрсе менәң өзіме сұрақ қоюыма себеп болды: жаңа ұрпақ бұл принциптің әсері тие ме? Себебі маған оның берер әсері шамалы.

Біздің мектебімізде оқу процесі барысында бағдарламаны әр оқушыға сай бейімдеуіміздің себебі де осыда. Оқушының психотипін, оның мықты және әлсіз тұстарын, темпераменті мен мүдделерін анықтап аламыз. Алынған мәліметтер негізінде оқушыға арнайы мұғалім таңдап береміз. Мұндай тәсіл арқылы 400-ден астам оқушының және ең бастысы — олардың ата-аналарының сеніміне ие бола алдық. Біз бұл жерде тоқтамаймыз.

Барлық сабақтар Zoom арқылы онлайн-форматта жүргізіледі, біз жұмыс процесін жетілдіруге көмектесетін түрлі платформаларды қолданамыз: Trello, Google Drive, AlfaCRM, AmoCRM, SipUni, Telegram, Zoom, Stepik, Notion.

Бізде бизнес бойынша он жылдық тәжірибе мен өмірдің барлық жағдайларына арналған түрлі жұмыс регламенттері жоқ болса да, бұл жағдай бізді мықты ете түседі. Өйткені біз бәсекелестерімізден шапшаң және икемдіміз, жаңа мүмкіндіктерге ашықпыз және мақсатымызға тез жете аласыз.

 

Оқушылардың нәтижелерін қалай қадағалап отырасыз?

Біз үшін оқушылардың бізбен бірге өз мақсаттарына жетіп, өздерінің арман-тілектерін жүзеге асыруы маңызды болып табылады. Сондықтан оқу барысында біз оқушының даму динамикасын үнемі тексеріп отырамыз және тиісінше тұрақты есеп береміз. Бұл бізге оқушылардың жеке оқу жоспарларына уақытылы өзгерістер енгізіп, оқу процесін одан әрі тиімді етуге көмектеседі.

Мұғалімдерді қалай таңдайсыз?

Білім беру нарығындағы жарты жыл ішінде біз жүзден астам адамнан тұратын команда жинадық, оған қоса, мектеп қызметкерлерінің саны күн сайын арта түсуде.

Командамыздың мүшесі атану үшін үміткерлер іріктеудің 3-тен 5-ке дейінгі кезеңдерінен (позицияға байланысты) өтеді. Іріктеу кезінде біз үміткерлердің білімін, дағдыларын, мінезін және жеке қасиеттерін сынаймыз.

Оқытушылар іріктеудің 5 кезеңінен өтеді: Түйіндемедегі ақпарат бойынша оқыту тәжірибесінің бар-жоғына қарай іріктеу, сөйлеу сауаттылығын тексеру және телефон арқылы сауалнама жүргізу, пән бойынша білім деңгейін және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін анықтайтын тест, оқытушылық қабілетін бақылау және оқушыны сабаққа тарту қабілетін тексеретін сынақ сабағы және кандидаттың жеке қасиеттерін, уәждемесін және оның біздің құндылықтарымызға сәйкестігін тексеруге арналған қорытынды сұхбат.

Егер үміткер барлық кезеңдерден өтсе, біз оны оқыту әдіснамасына үйретіп, онлайн жұмыс істеу ерекшеліктерімен таныстырамыз және осыдан кейін ғана мұғалім балаларды оқыта бастайды.

Қазір командада қанша адам бар?

Компаниямызда 3 бөлім бар: академиялық бөлім — оқытушылар, клиенттерге қызмет көрсету менеджерлері және сату бөлімі. Клиенттерге қызмет көрсету менеджерлері клиенттермен байланыс орнатады, мұғалімдердің сұраныстарын өңдейді, клиент пен оқытушы арасындағы көпір болып табылады. Командада операциялық және қаржы директоры, HR менеджері, рекрутер, видеограф, супервайзер, PR және SMM менеджерлері де бар. Бұл - топ ішіндегі барлық жұмысты ұйымдастырып, біздің компанияға бренд ретінде танылуға көмектесетін адамдар.

Қандай қиындықтарға тап болдыңыз?

Тапталмаған жолмен жүрген кезде бойында әрдайым қиындықтарға тап боласың. Әсіресе, бизнесті қалай жүргізу керектігін білмегенде қиналдым: "Лидер" және "делегация" деген не?”, “Жүйелік сатылым қалай жүзеге асырылады?”, “Қызметкерлерді қалай жалдау керек?” сияқты мыңдаған ұқсас сұрақтардың жауабын білмедім.

Әдетте, мұндай жағдайда жауаптарды іздеуде екі тәсілге сүйенемін. Біріншісі — жасау және қателесу тәсілі. Мен барынша дұрыс және жақсы жұмыс істеуге тырыстым, егер ол жұмыс өнбесе, тәсілімді өзгертіп, жеңіске жету әрекеттерін қайталадым.

Менің қолданған екінші әдісім — жақсылардан үйрену. Менен бұрын да біреу бұл жолда шалынып, ендігіде дұрыс жолмен жүрген. Жасалу керек нәрсе — тек сол адамдарды тауып, олардан керегін үйрену. Сондықтан көптеген пайдалы кітаптар мен мақалаларды оқып, ірі сарапшылармен болған сұхбаттар және оқу курстарын көруге тырысамын. Ең бастысы — мені әрқашан өзім ойлағаннан да жақсы адамдар қоршайды. Уақыт өте келе олардың ойлау қабілеті де маған беріледі.

Бүгінгі таңда біз күн сайын жаңа проблемаларға кезігеміз, өйткені компанияның өсуіне байланысты біздің міндеттеріміздің саны да, күрделілігі де артып келеді. Алайда, оларға деген көзқарасымыз осы мәселелерді шешуге көмектеседі. Әр проблемадан тек жақсару мүмкіндігін көреміз, сондықтан оларды түбегейлі шешеміз.

Astana Hub акселерациялық бағдарламасы кезінде сіздің жобаңыз қалай дамыды?

Акселерация барысында біздің жобамыз жұмыстың бірінші айымен салыстырғанда 35 есе дами түсті. Қазіргі уақытта ай сайын екі есе дамып келеді және бізге жеткен ақпарат бойынша бұл — бүкіл елдің білім беру нарығындағы дамудың ең жоғары көрсеткіші.

Алдағы жарты жылда қандай мақсаттар қоясыз?

Алдағы 6 айда біздің мақсатымыз — ТМД нарығына шығу және тұрақты клиенттер санын 2 мың адамға жеткізу. Мұндай көрсеткіштермен компанияның айлық айналымы 150 мың долларды құрайтын болады. Сонымен қатар, біз жұмысымызды оңтайландырып, клиенттік тәжірибені жақсарту үшін өз платформамызды дайындаймыз.

Акселерацияның арқасында қандай жетістікке жете алдыңыздар?

Трекермен жұмыс қалай көмектесті?

Astana Hub акселераторы гипотезаларды жасаудан бастап, оларды нарықта тексеруге дейінгі көптеген аспектілерде бізге қолғабыс етті. Акселерация бағдарламасына шілде айында біздің айлық түсіміміз 1 миллион теңгені құраған кезде келген едік. Бағдарлама соңында айлық түсім 6 есеге өсіп, 6 миллион теңгені құрады. Мұндай нәтижеге біз Astana Hub-тың тұрақты трекингінің арқасында жете алдық.