2021 жылдың қыркүйек айы қорытындысы бойынша, Қазақстанда тіркелген жеке кәсіпкерліктер саны бір жылда 3,1% өсті. Ал заңды тұлғалар 4,1% көбейді.
Соның ішінде 29 жасқа дейінгі жас жеке кәсіпкерлердің саны бір жылда бірден 31,4% ұлғайды. Ал заңды тұлға ретінде тіркелген жастардың саны 21,9% артты.
Нәтижесінде жеке кәсіпкерлер арасында жастардың саны бір жылда жалпы көрсеткіштің 12,1%-ынан 15,4%-ға дейін артса, заңды тұлғалардағы жастардың үлесі 7,5%-дан 8,8%-ға көбейді.
Қазір жұмыс істеп тұрған 29 жасқа дейінгі жеке кәсікерліктердің саны бір жылда 31,5% көбейіп 174,5 мыңға жетті. 29 жасқа дейінгі жастардың атындағы заңды тұлғалар саны 21,6% артып 34 мыңды құрады.
Жеке кәсіпкерліктердің 54,6%-ы ер адамдар болса, әйелдердің үлесі 45,4%. Жас кәсіпкерлердің көпшілігі, яғни 73,9%-ы қалалық жерлерде, ал 26,1%-ы ауылдық жерлерде.
29 жасқа дейінгі жастардың атындағы заңды тұлғалардың ішінде гендерлік айырмашылық айтарлықтай. 75,1%-ның жетекшілері ер адамдар болса, 24,9%-ы әйелдердің атында. Сонымен қатар қаладағылар үлесі 89,5%, ауылдағылардың үлесі 10,5%.
Өңірлер бойынша жас жеке кәсіпкерліктер мен заңды тұлғалардың ең көбі Алматы мен астанада, тиісінше 25,8 мың және мың жеке кәсіпкерлік пен 8,9 мың және 7,6 мың заңды тұлға.
Үшінші орында Түркістан облысы онда 14,7 мың жас жеке кәсіпкерлік бар. Ал заңды тұлғалар санынан Шымкент қаласы үшінші орында. Мұнда жастардың атында 2,7 мың заңды тұлға бар.
29 жасқа дейінгі жеке кәсіпкерліктердің үштен бірі көтерме және бөлшек саудамен, автокөлік пен мотоцикл жөндеумен айналысады. Олардың саны бір жылда 44,4% ұлғайған.
Екінші орында ауыл, орман және балық шаруашылығымен айналысатындар бір жылда 1,3% азайып 16,2 мыңды құрады. Оларды ңжалпы көрсеткіштегі үлесі 10%-дан аз.
Үшінші орында Көлік және қоймалау. Олардағы жеке кәсіпкерліктер саны бір жылда 38,3% ұлғайып, бір жылда 9,5 мыңды құрады.
Ал заңды тұлғаларға келер болсақ, жас кәсіпкер атындағы заңды тұлғалардың ең көбі көтерме және бөлшек саудамен, автокөлік пен мотоцикл жөндеумен айналысады. Оларды ңсаны бір жылда 21,6% артып, 34 мыңды құрады.
Екінші орында құрылыс. Ондағы "жас" компаниялар саны бір жылда 15,5% көбейіп 12,7 мың болды.