Қазақстанда жер қойнауын пайдалануға жасалған 40 келісімшарттың күші жойылды, деп хабарлайды LS.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, заңсыз берілген кен орындарын қайтару жұмыстары жүргізілуде.
"Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялармен жасалған 87 келісімшарттың бүгінгі күні 40 келісімшарт бұзылды, 47 келісім-шарт жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттемелерін орындауы бойынша сараптауда. Өндіруге дайын, бірақ барлауға заңсыз берілген 143 кен орнының 10 лицензия/келісімшарттардың күші жойылды, 25 жер қойнауын пайдаланушыға міндеттемені бұзғаны туралы хабарлама жіберілді», - деді ол.
Заңсыз берілген кен орындарын мемлекетке қайтару жұмыстары жалғасуда, деді министр.
Сонымен қатар, оның айтуынша, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының келісімшарттық міндеттемелері қаралды.
"Сонымен бірге, қазіргі уақытта Бас прокуратураның басшылығымен АМТ қызметіне кешенді тексеру жүргізілуде. Нәтижелері қосымша хабарланатын болады", - деп түйіндеді Өскенбаев.