Solidcore өндірісі жыл басынан бері 44% өсті

Solidcore Resources алтын өндіру компаниясы 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы өндірістік көрсеткіштерін жариялады.

Компанияның мәліметінше, тоғыз айдағы негізгі көрсеткіштер мынадай:

  • алтын баламасындағы өндіріс көлемі – 358 мың унция (+44%);

  • алтын баламасындағы сатылым көлемі – 345 мың унция (+33%);

  • түсім – 1,575 млрд доллар (+83%).

Айта кетейік, 2025 жылы алтын бағасының өсуі аясында Solidcore акциялары екі есе қымбаттаған болатын. Сонымен қатар компания акциялары AIX биржасында сауда көлемі бойынша көшбасшылардың қатарында болды.

2026 жылы да акциялардың өсуі жалғасып келеді. Жыл басынан бері олардың бағасы 6 доллардан 13 долларға дейін көтеріліп, екі еседен астам өсті.