2022 жылдың қаңтар-маусым айларында елде астықтан 1,6 млн тонна ұн өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5% көп.
Өңірлер бойынша ұн өндірісінің ең көп көлемі дәстүрлі түрде Қостанай облысына тиесілі: 552,4 мың тонна, былтырғыдан 7,4% көп. Үздік үштікке Солтүстік Қазақстан облысы (164,5 мың тонна, +10%) және Шымкент қаласы (141,5 мың тонна, -14,9%) бар.
2021 жылдың сәйкес кезеңіндегі өндіріс алдыңғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 10,3% төмендеп, 3 млн тоннаны құраған.
Еліміздің ұн тартушылары ішкі нарықты жоғары деңгейде қамтамасыз етіп отыр. Мәселен, биылғы жылдың қаңтар–мамыр айларының қорытындысы бойынша, жергілікті компаниялар сұранысты (экспорт пен ішкі нарықтағы сатуды қосқанда) 98,9% қамтамасыз етті.
Импорт 2,4 есе өсті. Сонда да бар болғаны 14,4 мың тонна ғана, ал ішкі өндіріс 1,3 млн тонна екені белгілі.
Экспортқа 764,7 мың тонна ұн жөнелтілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда бірден 36,2% артық. Экспорттың үлесі барлық ресурстың 58,1%-ын құрады.
Ішкі нарықтағы сату көлемі 21,3% төмендеп, 551,7 мың тоннаны құрады.
2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында экспорт ақшалай есептегенде бірден 86,8% өсіп, 292,6 млн долларды құрады.
ТМД елдеріне физикалық мәнде 212,7 мың тонна ұн жөнелтілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,1% артық. Қазақстандық ұнның басым бөлігі Өзбекстанға жөнелтілді: 158 мың тонна, былтырғыдан 17,6% артық. Үздік үштікке Түркіменстан мен Тәжікстан да кірді.
ТМД-дан тыс елдерге 223,7 млн доллардың 552 мың тонна ұн жөнелтілді. Мұнда негізгі тұтынушы Ауғанстан 551,5 мың тонна сатып алды, көрсеткіш былтырғыдан 47,1% көп.
Биыл шілдеде ұн бағасы былтырғыдан 36,6% қымбаттады. Бірінші сұрыптағы ұнның бір килосның бағасы 225 теңге, жоғары сұрыптысы 343 теңге болды.
Елдің ірі қалаларының ішінде жоғары сапалы ұн ең қымбат елордада (424 теңге), ең арзан Павлодарда (222 теңге).