Бұл қаржы ұлттық-валюта теңгені қолдауға бағытталды, деп хабарлайды egemen.kz.

Сарапшылар экспорттан түскен қаражаттың бір бөлігін сату мен  Ұлттық қордың активтерін конвертациялау шаралары теңгенің құнсыздануын тежейтінін осыған дейін айтып келген болатын.

Кеше Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев  үкіметтің отырысында  теңгенің айырбас бағамы шілденің басынан бастап бір доллар үшін 404,07-ден 418,31 теңгеге дейін 3,5 пайызға төмендегенін еске салды.

"Ұлттық валютаға ішкі қолдауды республикалық бюджетке кепілдендірілген трансфертті бөлу мақсатында Ұлттық қордың активтерін конвертациялау, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор компанияларының экспорттық валюта түсімдерінің бір бөлігін міндетті түрде сату жөніндегі кеңейтілген шаралар қамтамасыз етті",  деді Досаев.

Наурызда ұлттық валюта бағамын тұрақтандыру мақсатында үкімет квазимемлекеттік сектордың валюта түсімінің бір бөлігін ішкі нарықта міндетті түрде сату туралы шешім қабылдаған болатын.  Бұл шара төтенше жағдай кезінде қолданылады және жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі 50% -дан асатын квазимемлекеттік сектор субъектілеріне әсер етеді деген үмітпен қабылданған.

Валюта түсімдерінің бір бөлігін сатуды міндеттеу  26 наурызда басталды. Содан бері ұлттық  ұлттық компанияар   890 млн АҚШ долларын сатты. Оның 195 млн АҚШ долларын шілде айында сатылды.Ұлттық қордың трансферті басынан бері 3,6 трлн теңгені құрады, оның ішінде 455  млрд теңге шілде айында бөлінді. Ұлттық банктің хабарлауынша, дамушы елдердің валюталарының құнсыздануы шілде айында жалғасты. Бұған бірінші кезекте  пандемия әсер етті.