Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов Еңбек министрлігі мен Сыртқы істер министрлігіне елде сұранысқа ие мамандықтары бар немесе шетелде табысты бизнес-жобалары бар шетелдік азаматтардың әлеуетін одан әрі іске асыру үшін елге оңайлатылған кіруді қамтамасыз етуді тапсырды.
«Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі елге IT саласындағы үздік мамандарды тарту бойынша жұмысын кеңейтуі керек», - деп тапсырды Үкімет басшысы.
Сондай-ақ Әлихан Смайылов Ғылым және жоғары білім министрлігіне жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен академиялық ұтқырлықты кеңейту бойынша тиімді шаралар қабылдауды және шетелдік оқытушылар мен жас ғалымдарды тарту бағдарламалары аясында шаралар қабылдауды жандандыруды тапсырды.
«Еңбек министрлігі шетелдегі қазақстандық жұмысшылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауды күшейтеді. Сыртқы істер министрлігімен бірлесе отырып, бірқатар елдермен жоспарланған келісімдердің барлығын жасау қажет. Еңбек министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, биыл жыл соңына дейін еліміздегі көші-қон процестерін реттеудің бірыңғай жүйесін, оның ішінде «Бүркіт» жүйесімен интеграцияны қамтамасыз етуді енгізуі керек», - деді премьер-министр.
Ішкі істер министрлігіне облыс әкімдіктерімен бірлесе отырып, заңсыз көші-қонмен күрес жұмысын күшейтуді тапсырды.
«Барлық жерде сәйкес бейімделу және интеграция орталықтарын құруды қамтамасыз ету қажет. Әзірге мұндай орталықтар Абай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында құрылмаған, деді Премьер-Министр. – Бұл ретте Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында өңірлік квотаны орындау жұмыстары нашар жүргізіліп жатқанын атап өтемін. Еңбек ресурстарын тарту және жұмыс күші артық өңірлердің әкімдіктерімен нақты өзара іс-қимыл жасау бойынша тиімдірек шаралар қабылдау қажет».