Биыл бірінші тоқсанда спорт, демалыс және ойын-сауық саласындағы қызмет көлемі 164,9 млрд теңгені құрап, бір жыл бұрынғыдан 39,1% көбейді. Қызметтердің физикалық көлемінің нақты өсімі 20,8%.
Былтырғы сәйкес кезеңде саладағы қызмет көлемі 118,5 млрд теңгені құрап, жылдық өсім 2,5 есе болған.
Өңірлер бойынша спорт, демалыс және ойын-сауық саласындағы қызмет ең көп көрсетілген өңір Алматы қаласы: 97 млрд теңге, бір жыл бұрынғыдан құндық мәнде 42,1% көп.
Одан кейін Астана (15 млрд теңге, бір жылда 39,4% өскен), Қарағанды облысы (4,9 млрд теңге, 16,4% өскен) және Шымкент (4,9 млрд теңге, 92% өскен).
Ең аз қызмет Ұлытау облысында көрсетілген: 939,1 млн теңге.
Саладағы қызметтердің жалпы көлемінде спорттық қызмет 46,9 млрд теңге болып, бір жыл бұрынғыдан ақшалай 34% өсті. Соның ішінде спорт клубтарының қызметі бір жылда 1%, 7,2 млрд теңгеге, спорт нысандарын пайдалану 11,1%, 7,1 млрд теңгеге дейін көбейді. Бірақ фитнес клубтар қызметі керісінше 22,6%, 6,8 млрд теңгеге дейін төмендеді.
Демалыс және ойын-сауық ұйымдастыру қызметтерінің көлемі 118 млрд теңгені құрап, бір жыл бұрынғыдан 41,3% ұлғайды. Соның ішінде ойын-сауық және тақырыптық саябақтардың қызметі бір жылда 57%, 2,7 млрд теңгеге дейін, қуыршақ театрлары – 75%, 298,5 млн теңгеге дейін, би залдары мен дискотекалар – 23 есеге жуық, 132 млн теңгеге дейін өсті, есесіне родеолар мен тир ату қызметі 81,7%, 322,2 мың теңгеге дейін азайды.