15-34 жас аралығындағы NEET санатына жататын жастардың үлесі (жұмыс істемейтін және оқымайтын жастардың жалпы жастар санына % үлесі) 2024 жылдың III тоқсанында 6,4% (345,5 мың адам) құрады. Өткен жылдың дәл осы тоқсанында бұл көрсеткіш 7,1% (381,7 мың адам) болған.
NEET категориясындағы жастардың ең көп саны Алматы қаласында (42,5 мың адам), Түркістан облысында (34,6 мың адам) және Астана қаласында (26,4 мың адам) тіркелді. Бұл категориядағы жастардың ең аз саны Ұлытау облысында (5,4 мың адам) байқалды.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңына сәйкес 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жастардың жасы 35 жасқа дейін ұлғайды.