Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Сингапур Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Экономикалық саясат жөніндегі үйлестіруші министр Хенг Суи Кеаттың қатысуымен коммерциялық құжаттарға қол қою рәсімі өтті. Мынадай құжаттарға қол қойылды:
1. «Қазпошта» АҚ мен SingPost арасындағы Стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім;
2. «KTZ Express» АҚ мен Global DTC арасындағы Цифрлық дәлізді іске қосу туралы декларация;
3. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, PSA KZ Pte Ltd, KPMC Ltd және G-trans Service арасындағы Ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы меморандум.
Бұдан бөлек, бизнес форум аясында мынадай құжаттарға қол қойылды:
1. Forebright Capital Asia Private Limited, «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ және «BGI Hong Kong Tech Co., Limited арасындағы Forebright Life Science Technology Fund туралы инвестициялық келісім;
2. «Бирюк Алтын» ЖШС мен AlDigi Holdings Pte. Ltd компаниясы арасындағы келісім;
3. Қазақстанның «Сыртқы сауда палатасы» ЖШС мен Сингапурдың өндірістік федерациясы арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандум;
4. «Caspian Group» АҚ мен China Regional Development and Planing Institute Co., Limited арасындағы Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;
5. «Caspian Group» АҚ мен KPMG Samjong Accounting Corp. арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандум;
6. «Mandarin building» ЖШС, «Singapore International School Kazakhstan» ЖШС және Kinder World International Group арасындағы Ынтымақтастық туралы келісім;
7. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Nomadic Innovation Hub компаниясы арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандум;
8. Nomadic Innovation Hub пен Clockster арасындағы инвестициялық келісім;
9. Nomadic Innovation Hub пен Snap hunt рекрутинг платформасы арасындағы инвестициялық келісім.