Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының жұртшылығымен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.
«Мемлекет елімізде жұмыс істейтін барлық ірі өндіруші компаниялардың қызметін өте жіті бақылайды. Біз капиталды шетелге заңсыз шығаруға жол бермейміз. Олардың түрлі әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруын қадағалап отырамыз. Өндірісті жаңғырту үдерісіне, экологияны қорғау ісіне ерекше назар аударылады. Егер ірі өнеркәсіп кәсіпорындары бұл талаптарға сай келмесе, біз серіктестікті тоқтатуға мәжбүр боламыз. Бұл – ешқандай қорқыту емес, керісінше бүкіл өркениетті әлемде қабылданған қарапайым, адал және әділ жұмыс ережелері.
Қазақстанда олигархтық капитализмнің заманы өтіп, ел азаматтарының алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті сезінетін кезең жетті. Азаматтарымызға тиімді әрі әлеуметтік жауапкершіліктен жалтармайтын, ел экономикасында жетекші орындағы бизнес керек», деді.