Freedom Holding Corp. қазақстандық «Arbuz Group» компаниясында үлестің мажоритарлық пакетін (81,92%) сатып алу туралы хабарлайды. Компаниядағы үлестерді жеке инвесторлар тобы сатып алды.
«Соңғы жылдары Arbuz қазақстандық фудтехтің флагмандарының біріне айналды. Қызметтің ыңғайлылығы, жылдамдығы және бірегей технологиялық шешімдері оның халық арасында танымалдылығының өсуіне ықпал етеді. Ірі отандық интернет-алаңдардың қатарына кіре отырып, стартап біздің еліміздегі e-commerce дамуына үлкен үлес қосады. Әлемдегі және біздің еліміздегі сектордың қазіргі даму тенденциялары, e-grocery, жалпы алғанда, онлайн-сатуды дамыту драйвері бола алатындығын көрсетеді.
Freedom Bank пен Arbuz-дың интеграциясы бізге қызметті үздіксіз жақсартуға, клиенттеріміздің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тиімді бонустық бағдарламалар жасауға мүмкіндік береді. Өз кезегінде, бұл бізге екі компанияның да, сондай-ақ Қазақстандағы Freedom экожүйесінің де қызметтерін тұтыну аудиториясын кеңейтуге мүмкіндік береді және біздің нарықтағы жағдайымызды нығайтады», дейді дейді Freedom Holding Corp. Бас атқарушы директоры Тимур Турлов.
Естеріңізге сала кетейік, Тимур Турлов 2019 жылдан бастап Arbuz.kz-тің инвесторы.
«Мен, Қазақстанда бірнеше жыл ішінде онлайн-супермаркеттер индустриясында ізашар құрып, өз сегментінде көшбасшылық позицияны ұстанған, біздің командамыздың жетістіктерімен мақтанамын. Нарықта бірегей орынға ие бола отырып және болашақ әлеуетті түсіне отырып, біз дамудың келесі кезеңін белсенді түрде жоспарладық және бірнеше қол жетімді опциялардың ішінен Freedom ұсынысын саналы түрде таңдадық. Күштерді топтағы басқа компаниялардың рухы, сапасы және мақсатты аудиториясы бойынша бізге ең жақын Freedom экожүйесімен күштерді біріктіру кезінде қандай перспективалар ашылатынын түсіне отырып, мен команда үшін де, жалпы компания үшін де қуаныштымын», дейді Arbuz Group негізін қалаушы және бас директоры Алексей Ли.
Arbuz.kz онлайн-супермаркеті 2011 жылы іске қосылды және осы уақыт ішінде 205 мың бірегей клиент сатып алу жасады. 2018 жылы Arbuz.kz жобасын жаңа команда - бас директор Алексей Ли мен операциялық директор Руслан Погорелов басқарды, олар жобаны қайта іске қосып, сатылымды 90 еседен астам арттырды. Күніне, орта есеппен, 2500 - 3000 тапсырыс жеткізіледі. Отандық стартап азық-түлік, сусындар, тұрмыстық химия және үй тауарларын жеткізетін супермаркет моделі бойынша жұмыс істейді. Компанияның жеке қоймалары, құрастыру желісі және курьерлік қызметі бар. Компания, Arbuz.kz онлайн-супермаркетті сапасы, сервисі және ассортименті бойынша Қазақстандағы нарық көшбасшысы ретінде қолдау мен дамытуды жоспарлап отыр.
Айта кету керек, 2022 жылдың сәуір айынан бастап, компания Алексей Ли басшылығымен, Pinemelon брендімен АҚШ нарығына шығып Колорадо штатының Денвер қаласында жұмыс істей бастады. АҚШ-тың 30 қаласына қатысу географиясын кеңейту жоспарлануда. Мәміле аяқталғаннан кейін, Pinemelon, жоба инвесторларының бірі ретінде Т.Турловтың қатысуымен, тәуелсіз компания ретінде дамуын жалғастырады.