Биылғы қазан айының қорытындысы бойынша, ҚР сүт өнімдерінің бағасы бір жылда 28,2% өсті, деп хабарлайды energyprom.kz.
Оның ішінде ішетін сүт – 28,3%, сүт консервілері – 39,2%, ашыған сүт өнімдері – 29,2% қымбаттады. Ашыған сүт өнімдерінен йогурт – 36,5%, айран – 19,7%, қаймақ – 33,6%, сүзбе – 14,8%, қатты ірімшік – 31,4% қымбаттады.
Өңірлер бойынша сүт өнімдері ең көп қымбаттаған Маңғыстау облысы: бір жылда 42,2%. Одан кейін Қарағанды облысы (31,6%) және Шымкент (31,3%).
Биыл қаңтар-қазан айларында сүт өнімдері өндірісі 396 млрд теңгеге жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда құндық мәнде 15,8% артық.
Өңделген сұйық сүт пен кілегей өндірісі физикалық көлемі 6,2% өсіп, 472,5 мың тоннаға жетсе, сары май мен сыдырма – 9%, 20,9 мың тоннаға дейін, сүт спредтері – 26,6%, 4,7 мың тоннаға дейін, ірімшік және сүзбе – 2,5%, 30,5 мың тоннаға дейін, қоюландырылған сүт пен кілегей – 5,5%, 7 мың тоннаға дейін, йогурт – 3%, 191,7 мың тоннаға дейін, шұбат – 37,5%, 2,4 мың тоннаға дейін көбейді.
Қатты күйдегі сүт өндірісі бір жылда 16,3%, 6,8 мың тоннаға, қымыз – 6,7, 1,3 мың тоннаға дейін өсті.
Биылғы қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша, жергілікті кәсіпорындар өңделген сұйық сүт пен кілегейге сұранысты (ішкі нарықтағы сату және экспорт) 96%-ға қамтамасыз етті. Осы кезеңде ҚР-да 373,4 мың тонна өнім өндірілді, 15,6 мың тонна импортталды. Өнімнің 10,1 мың тоннасы экспортқа жіберілсе, қалған 378,8 мың тоннасы ішкі нарыққа сатылды.
Сары маймен қамтамасыз ету бір жыл бұрынғы 85,1%-бен салыстырғанда 75,1%-ды құрады. Жыл басынан бері өндіріс 89,3% өсіп, 16,3 мың тоннаны құрады. Бұл ретте импорт 2,7 есе артып, 5,4 мың тоннаны құрады. Ішкі нарықта 19,6 мың тонна май сатылды, бұл бір жыл бұрынғыдан 2,1 есе артық.
Жергілікті компаниялар ірімшік пен сүзбе нарығын бір жыл бұрынғы 55%-бен салыстырғанда 53,2% қамтамасыз етті. Импорттың үлесі тиісінше 46,8%-ды құрады. Елге 21,5 мың тонна өнім әкелінді, көрсеткіш 2,1 есе өсті. Ішкі нарықта 44,1 мың тонна сатылды, бұл бір жыл бұрынғыдан 2 есеге артық.