Халықаралық S&P Global Ratings рейтинг агенттігі BCC Insurance сақтандыру компаниясының рейтингін BB+ деңгейіне дейін көтерді. Рейтинг болжамы – Stable (тұрақты).
Компанияның хабарлауынша, рейтингтің көтерілуіне капиталды нығайту, операциялық тиімділікті арттыру және бизнесті әртараптандыру бағытындағы жүйелі жұмыс негіз болған.
Компания бұл өзгерісті қаржылық тұрақтылықтың нығайып, нарықтағы позициясының күшейгенін көрсететін нәтиже ретінде бағалайды.
BCC Insurance өкілдерінің пікірінше, рейтингтің өсуі компанияның ішкі мүмкіндіктерін кеңейтіп, операциялық процестерді жетілдіруге және бизнестің одан әрі дамуына негіз қалайды.
Жоғары рейтинг компанияның қаржылық жағдайын бағалауда маңызды көрсеткіштердің бірі саналады. Сонымен қатар ол клиенттер мен серіктестердің сенімін нығайтуға ықпал етуі мүмкін.