Орталық Азия елдері мен Әзірбайжанда қазақстандық банк QR-ымен төлеуге болады

2026 жылғы 22-23 қазанда Тәжікстан Республикасында төлем жүйелерін дамыту мәселелері бойынша Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Әзербайжан орталық (ұлттық) банктері өкілдерінің төртінші өңірлік кездесуі өтті.

Қатысушылар трансшекаралық төлемдерді дамыту мүмкіндіктеріне, соның ішінде ұлттық тезде төлеу жүйелері мен цифрлық валюталардың өзара жұмыс істеу жолдарына ерекше назар аударды. Олар QR-төлемдердің ұлттық жүйелерін интеграциялау жөніндегі қазақстандық тараптың ұсынысын қолдап, биыл жыл соңына дейін QR-төлемдердің ұлттық жүйелерінің өзара жұмыс істеу тетігін нақтылауға келісті.

Бастама іске асқан жағдайда, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Әзербайжан азаматтары аталған елдерге сапар шеккенде өз банктерінің мобильді қосымшалары арқылы QR-кодпен төлем жасап, нақты уақыт режимінде бір-біріне ақша аудара алады.

Сонымен қатар қазақстандық тарап ақпарат алмасуға және цифрлық активтерді реттеуге қатысты бірлескен шаралар өткізуді ұсынды.