2026 жылғы егін жинау науқанының қорытындысы бойынша Қазақстанда 24,3 млн тонна астық жиналды. Бұл — соңғы 15 жылдағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Осы уақыт аралығында мұндай нәтижеден жоғары көрсеткіш тек екі рет тіркелген.
Алдын ала мәліметтер бойынша, элеваторларға тапсырылған жұмсақ бидайдың шамамен 72%-ы үшінші сыныпқа жатады. Зерттелген бидай үлгілерінің 48%-ында дән маңызының мөлшері 28%-дан жоғары.
Соңғы екі маркетингтік жылда еліміз 15,5 млн және 16 млн тонна астық пен ұн экспорттады. Бұл — тәуелсіздік жылдарындағы рекордтық көрсеткіштер.
Биыл егін жинау жұмыстарына 130 мыңнан астам трактор, 29 мың астық жинайтын комбайн, 17 мың жатка және басқа да 130 мыңға жуық ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылды.
Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту нәтижесінде оның тозу деңгейі 2023 жылғы 85%-дан 2025 жылы 65%-ға дейін төмендеді. 2026 жылдың қорытындысы бойынша техниканы жаңарту деңгейін 8%-ға жеткізу жоспарланып отыр.
Шаруаларға техника сатып алуға жеңілдетілген лизинг бағдарламасы да көмектесуде. Бағдарлама басталғалы бері аграршылар 12,7 мыңнан астам трактор мен 2 340 астық жинайтын комбайн сатып алды. Бүгінде осы бағдарлама арқылы алынған техника еліміздегі тракторлар мен астық жинайтын комбайндардың жалпы санының шамамен 10%-ын құрайды.