2027 жылдың наурызына дейін доллар қымбаттамуы тиіс — Freedom Broker

Ұлттық қордан биыл жыл соңына дейін және 2027 жылдың алғашқы екі айында әлеуметтік жобаларға 1,5 трлн теңге бөлу туралы Президенттің тапсырмасынан кейін доллар бағамы 456 теңгеден жоғары көтерілген жоқ.

Соңғы бес айда Ұлттық қордан ай сайын орташа есеппен 200 млн доллардан сатып отырды. Жоғарыда аталған 1,5 трлн теңгені алу үшін Ұлттық қордан ай сайын қосымша тағы шамамен 800 доллардан алу керек. Нәтижесінде 2027 жылдың наурызына дейін Ұлттық қордан айына 1 млрд доллар сатылып отырады деген сөз.

«Ай сайын 1 млрд доллар жұмсау доллар бағамының өсуін тежеуге ықпал етуі мүмкін», — дейді Freedom Broker сарапшылары.

Еске салайық, президент алдағы жылдары инфрақұрылымды жаңғыртуға Ұлттық қордан 6,5 трлн теңге бағытталатынын мәлімдеді. Ал биыл және 2027 жылдың алғашқы екі айында әлеуметтік жобаларды іске қосу үшін 1,5 трлн теңге қарастыру қажет екенін айтты.