«Қазақтелеком» мен әзірбайжандық «AzerTelecom» ұялы байланыс операторы екі ел үшін резервтік байланыс арнасына айналатын Каспий теңізінің түбіне талшықты-оптикалық желіні (ТОЖ) тартуға келісті.
Транскаспий ТОЖ төсеу Еуропа мен Азия арасындағы телекоммуникациялық дәлізді құруды көздейтін ауқымды «Цифрлық Жібек жолы» жобасының бір бөлігі болуы керек.
Ұзындығы 340 шақырым болатын бұл желі Ақтауды Әзірбайжанның Сиазан қаласымен байланыстырады деп күтілуде. Резервтік арна Қазақстанның Құрық портынан Бакуден 30 шақырым жердегі Бузовна ауылына дейін созылады.
«Жобаны жүзеге асыру Қазақстан мен Азия елдеріне Еуропаға жаңа балама бағыт алуға, желінің қосылуы мен сенімділігін арттыруға, ал Әзірбайжанға аймақтық цифрлық хабқа айналуға мүмкіндік береді», - деді AzerTelecom операциялық директоры Сергей Назаренко. Оның айтуынша, жобаны жүзеге асыру Орталық Азияда цифрлық бизнесті белсенді дамытуға мүмкіндік береді.
«Қазақтелеком» өкілі Алмат Қараманов өз кезегінде Қазақстан билігі «Цифрлық Жібек жолы» негізінде жаңа инфрақұрылымдық жобаларды, соның ішінде гипермагистраль мен жаңа дата орталықтарын салуды күтетінін атап өтті.
Өткен жылдың қараша айында «Қазақтелеком» ADSL технологиясын (ассиметриялық цифрлық абоненттік желі) қолданудан бас тартып, бірнеше жыл ішінде 63 мыңға жуық абонентті ауыстыру жоспарланып отырған талшықты-оптикалық желілердің пайдасына шешілетінін хабарлады.