Екінші деңгейдегі банктердің экономикаға берген кредиттері 2024 жылғы қыркүйекте 1,2%, 31,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан 12,9% өсуім). Экономикаға берген кредиттер құрылымында 2024 жылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша ұлттық валютада берілген кредиттер 1,1%, 28,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды, валюталық кредиттер 2,4%, 2,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

Бизнес субъектілеріне берілетін кредиттер 2024 жылғы қыркүйекте негізінен айналым қаражатын сатып алуға берілген қарыздардың 0,7%, 4,5 трлн теңгеге дейін және инвестициялар мен бағалы қағаздардың 0,7%, 3,1 трлн теңгеге дейін ұлғаюы есебінен 0,8%, 12,1 трлн теңгеге дейін өсті (2024 жылдың басынан 7,4% немесе 830 млрд теңгеге өсім).

Бұл ретте ірі бизнеске берілген кредиттер 2024 жылғы қыркүйекте телекоммуникация, құрлық көлігі және электр энергиясымен жабдықтау саласындағы ірі қарыз алушылардың мерзімінен бұрын өтеу практикасын жалғастыруына байланысты 0,5%, 4,1 трлн теңгеге дейін төмендеді.

ШОБ қарыздары бір айда негізінен тамақ өнімдерін өндірумен, бөлшек саудамен (оның ішінде автомобильдермен), құрылыспен айналысатын кәсіпорындарға кредит беру есебінен 1,1%, 5,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

Жеке кәсіпкерлерге берілген кредиттердің өсу қарқынының ұлғаюы байқалады, 2024 жылғы қыркүйекте олардың кредиттері 2,1 трлн теңгеге дейін 2,5%, ұлғайған (2024 жылдың басынан 34,2% немесе 534 млрд теңгеге өсім). Бұл негізінен бөлшек сауда саласында жұмыс істейтін және тұру және тамақтану қызметтерін ұсынумен айналысатын ЖК-ге берген қарыздардың өсуіне байланысты болды.

Салалар бойынша 2024 жылғы қыркүйекте кредиттердің өсуі көлік, ақпарат және байланыс салаларын қоспағанда, барлық дерлік салаларда байқалады. Өнеркәсіпте кредиттер 3,9 трлн теңгеге дейін 2,1%, (2024 жылдың басынан 17,3%-ға өсім), саудада – 3,2 трлн теңгеге дейін 1,4% (2024 жылдың басынан 8,3% өсім), ауыл шаруашылығында – 501 млрд теңгеге дейін 1,7% (2024 жылдың басынан 10,2% өсім), құрылыста – 636 млрд теңгеге дейін 2,2% (2024 жылдың басынан 7,4% өсім) өсті. Жоғарыда айтылғандай, жекелеген қарыз алушылардың мерзімінен бұрын өтеуіне байланысты ақпарат және байланыс салаларындағы бизнес субъектілеріне берілген кредиттер портфелінің 130 млрд теңгеге дейін 21,4 (2024 жылдың басынан бастап 36,8% төмендеу), көлік саласында 797 млрд теңгеге дейін 2,8% (2024 жылдың басынан бастап 2,9% төмендеу) төмендеуі байқалады. Жоғарыда атап өтілгендей, ақпарат және байланыс салаларындағы бизнес субъектілеріне кредиттер портфелінің 130 млрд теңгеге 21,4% (2024 жылдың басынан бастап 36,8% төмендеу), көлік саласында 797 млрд теңгеге дейін 2,8% (2024 жылдың басынан бастап 2,9% төмендеу) төмендеуі осы салалардағы жекелеген қарыз алушылардың несиелерді мерзімінен бұрын өтеуі аясында орын алады.

2024 жылғы қыркүйекте бизнес субъектілеріне 1,6 трлн теңге сомаға жаңа қарыздар берілді, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 21,2% артық. Бұл ретте 2024 жылдың 9 айында бұл көрсеткіш 12,7 трлн теңгені құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 19,6% артық. Сақталып отырған жоғары мөлшерлемелер аясында бизнес субъектілері негізінен айналым қаражатын толықтыруға қарыздар тартты.

2024 жылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша бизнес субъектілеріне ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа өлшенген мөлшерлемесі 20%-ға дейін (2024 жылғы тамызда — 19,6%), негізінен жеке кәсіпкерлерге кредиттер бойынша мөлшерлемелердің бір ай бұрынғы 28,8%-дан 31,8%-ға дейін өсуі есебінен ұлғайды. ШОБ және ірі бизнес субъектілеріне кредиттер бойынша ставкалар 2024 жылғы тамыз деңгейінде сақталып, тиісінше 18,2% және 16,9% құрады.