Статистика бюросының дерегінше, қаңтар-тамызда Астанада тұрғын үй құрылысындағы жұмыс көлемі 127,7 млрд теңгені құрады. Бұл бір жыл бұрынғыдан 34,3% (66,6 млрд теңге) аз. Инфляцияны ескергенде көрсеткіш тіпті 36,9% төмендеген.
Мұның бәрі жекелеген айлардағы көрсеткіштің төмендеуіне байланысты. Кей айларда көрсеткіш тіпті екі есе азайып кеткен. Мәселен, тамызда 19,1 млрд теңге (2023 ж) болды, бір жыл бұрын 36,9 млрд теңгеге (2022 ж) болған.
Дегенмен, 2022 жылы сауда қарқыны қатты болғанын ескеру керек. Зейнетақы ақшасы әлі бітпеген, жеңілдетілген ипотекалар азаймаған кез еді. COVID-19 пандемиясы аяқталып, сұраныс күшейген кез болатын. 2019 жылдың 8 айымен салыстырғанда 2022 жылы көрсеткіш 70,3% немесе 52,7 млрд теңгеге өскен.
Басқаша айтқанда, қазіргі құлдырау шын мәнінде құлдырау емес, бұрынғы қалыпқа келу деуге болады.