QazBioPharm жаңа ұлттық холдингі құрылды

Холдингтің жарғылық капиталы жүз пайыз мемлекетке тиесілі. 

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулысымен QazBioPharm ұлттық холдингі" акционерлік қоғамы құрылды. 

Холдинг қызметінің негізгі нысанасы биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, биофармацевтикалық нарықтың инфрақұрылымын орнықты дамыту және жетілдіру, биофармацевтикалық ғылым мен өнеркәсіпті дамытуды ынталандыру, сондай-ақ мемлекет пен қоғамның биофармацевтикалық өнімге қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында жарғылық капиталдарына мемлекеттік қатысу үлестері холдингтің иелік етуі мен пайдалануына берілетін заңды тұлғаларды тиімді басқару.

Холдингтің жарғылық капиталы "Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін беру есебінен қалыптасты.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

Холдинг Денсаулық сақтау министрлігіне қарайтын болады.