Қазақстан қор биржасы 2022 жылдың 07-11 ақпан аралығында "KASE Global" секторындағы акциялардың сауда-саттықтарының нәтижелерін ұсынады.
Көрсетілген кезеңде «KASE Global» секторында шетелдік компаниялардың 4889 акциясымен жалпы сомасы 440,6 млн теңгеге немесе $1 027,3 мың долларға 9 612 мәміле жасалды.
Сауда-саттықтың ең үлкен көлемі келесі акцияларға келді:
- I Meta Platforms, Inc. US30303M1027 (FB_KZ) – жалпы сомасы 139,5 млн теңгеге немесе $325,3 77 мәміле;
- Pfizer Inc. US7170811035 (PFE_KZ) – жалпы сомасы 28,1 млн теңге немесе $65,4 мың 61 мәміле;
- Mastercard, Inc US57636Q1040 (MA_KZ) – жалпы сомасы 26,3 млн теңге немесе $61,2 8 мәміле.
Қазіргі уақытта "KASE Global" секторында шет елдік эмитенттердің бағалы қағаздарымен 43 сауда-саттық ашылды.
Бастапқы кезеңде осы сектордағы сауда-саттыққа американдық биржаларда тіркелген және KASE ресми тізіміне енгізілген шетелдік акциялары қолжетімді, сауда-саттық Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 11:20-дан 22:00-ге дейін Т+2 шарттары бойынша өткізіледі. Бағалы қағаздардың баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары.