2022 жылдың соңында Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың орнатылған қуаты 2,4 мың МВт-қа жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан 18,8% артық. Анықтама үшін: бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 2000 МВт болатын. 2017 жылмен салыстырғанда көрсеткіш бірден 7 есе артқан.
Орнатылған қуаттықтың басым бөлігі күн электр станцияларына тиесілі: 1,1 мың МВт, бір жылда 10,6% көбейді. Одан кейін жел электр станциялары: 958 МВт, 40,1% көбейді. Шағын ГЭС қуаты 280 МВт, биоэлектр станцияларының қуаты 1,8 МВт болды.
2022 жылдың қаңтар-желтоқсанында ЖЭК нысандарыны өндірген электр энергиясы 5,1 млрд кВт.сағ құрап, бір жыл бұрынғымен салыстырғанда бірден 21,1% өсті.
Бұл ретте, жалпы электр энергиясы өндірісіндегі ЖЭК нысандарында өндірілген электр энергиясының үлесі әзірге небәрі 4,5%-ды ғана құрайды (бірақ бір жыл бұрынғы 3,7%-бен салыстырғанда өсім бар). 2026 жылға қарай көрсеткіш 7%-ға, ал 2030 жылға қарай 10%-ға жетуі тиіс (ЖЭС және КЭС үлесі).
ЖЭК нысандарыны арасында өндірілген электр энергиясының басым бөлігі жел электр станцияларынан алынды: 2,4 млрд кВт.сағ, бір жылдағы өсім 35,7%. Екінші орында күн электр станциялары: 1,8 млрд кВт.сағ. Шағын ГЭС 934 млн кВт.сағ (16,8% көбейген), биоэлектр станциялары 2 млн кВт.сағ (34,9% азайған) өндірді.
bp.com порталы мәліметінше, 2021 жылы әлемде ЖЭК нысандары арқылы электр энергиясын өндіру 3,7 трлн кВт.сағ жетті, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 16,2% артық. Жаңартылатын электр энергиясының басым бөлігі Азия-Тынық мұхиты аймағында өндірілді: 1,7 трлн кВт.сағ. Одан кейін Еуропа (946,5 млрд кВт.сағ) және Солтүстік Америка (714,1 млрд кВт.сағ). Ал ең аз ТМД елдерінде: бір жыл бұрынғыдан бірден 41,2% көп болса да, небәрі 9,6 млрд кВт.сағ.
ТМД елдері арасында электр энергиясы өндірісінен Ресей көш бастады: 5,4 млрд кВт.сағ – бір жыл бұрынғыдан 54,1% артық. Екінші және үшінші орында Қазақстан (3 млрд кВт.сағ) мен Беларусь (0,7 млрд кВт.сағ).
Өздеріңіз көріп отырғандай, портал деректері мен ҚР-ның ішкі статистикасы арасында айырмашылық бар.