Ресейлік импорттаушылар долларлың рубльге шаққандағы бағамы тағы өсуіне дайындалып жатыр, олар жоспарларын долларына 120-125 рубль аралығында есептеп жатыр, деп жазады Коммерсантъ.

Рубльдің құнсыздануы Ресей Федерациясында бағаның өсуіне әкеліп соғады, ал біз ресейлік тауарлармен бірге ол жақтан инфляуияны да импорттаймыз. Айтпақшы, Қытай тауарларының біразын Ресей Федерациясы арқылы әкелеміз.

Қараша айының басынан бері рубль долларға қатысты 7%әлсіреді және 1 доллар 100 рубльден асты (бүгін – 105). Ал Қазақстанда доллар 500 теңгеге жетіп қалды.

Естеріңізге сала кетейік, теңгенің рубльге байланғанына қатысты әртүрлі пікірлер бар. Дегенмен, қазіргі әлсіреу Трамптың сайлаудағы жеңісінен кейін басталған дамушы елдердің барлық валюталарына қатысты доллардың нығаюына байланысты екені анық.