«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев поцыздардың кешігуін теміржолдарды жөндеумен байланыстырды.
«Бұл жағдай жолдарды жөндеумен және жолаушылардың қауіпсіздігімен байланысты. Соңғы 2 жылда жөндеу жұмыстарының көлемін 2-3 есе арттырдық. Жолаушылар алдындағы қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», — деп түсіндірді Нұрлан Сауранбаев.
Оның айтуынша, 2023 жылдан бастап 2,8 мың шақырымнан астам теміржол жөнделген.
Ал 2029 жылға дейін тағы 11 мың шақырым теміржол учаскелерін жөндеу, 5 мың шақырымға жуық жаңа және екінші жолдар салу, 2,6 мың шақырымға автобұғаттау жасау, 184 стансаны жаңғырту жоспарланған.