Сыртқы нарыққа тауарлық және тұқымдық картопты жеткізу өткен аграрлық маусымда (қыркүйек 2023-тамыз 2024) Қазақстанға 53,7 млн доллар әкелді.

Оның ішінде, еліміз 42,7 млн долларға тауарлық картопты экспорттады. Негізгі сатып алушы Өзбекстан болды, ол қазақстандық тауарлық картопты 37,4 млн долларға сатып алды.

Тұқымдық картопқа келетін болсақ, 2023/24 маусымда экспорт тек бір елге, Түрікменстанға 11 млн долларға жеткізілді.

  • Өзбекстан 37,4 млн доллар
  • Түрікменстан 11,4 млн доллар (11 млн долларға тұқымдық, 0,4 млн долларға тауарлық)
  • Тәжікстан 4,5 млн доллар
  • Ресей 0,4 млн доллар.

2022/23 маусымда Қазақстан тауарлық картопты 27,1 млн долларға экспорттады. Негізгі сатып алушы Өзбекстан болды — 24,4 млн доллар.

2022/23 маусымда тұқымдық картоптың экспорты 1,2 млн долларды құрады, оның ішінде Өзбекстан 1,1 млн долларға сатып алды.