Жыл басынан бергі 5 айда ауданы 5,7 млрд теңгеге 10 мың шаршы метр сауда орындары салынды.
2022 жылдың осы уақытымен салыстырғанда көрсеткіш 9 есе (5,1 млрд теңгеге), 2021 жылы 18 есе (5,4 млрд теңгеге) көп, деп хабарлайды статистика бюросы.
Салынған ғимараттардың күрт көбеюінің бір себебі, алдағы төрт жылдағы көрсеткіштің төмендігі. 2020 жылдың қаңтар-мамыр айларында көрсеткіш 4,9 млрд теңге болды. Ол кезде, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда салынған ғимараттар ауданы 5 есе немесе 3,9 млрд теңгеге өсті.
Қалай болғанда да, қазіргі қарқын алдағы уақытта сауда орталықтарының көптеп ашыла бастайтынын көрсетеді.
- 2019 жылы 11 сауда-сауық орталығы мен 41 сауда үйі пайдалануға берілді;
- 2020 жылы – 10 сауда-сауық орталығы және 55 сауда үйі;
- 2021 жылы – 8 сауда-сауық орталығы және 51 сауда үйі;
- 2022 жылы – 19 сауда-сауық орталығы және 92 сауда үйі;
- 2023 (1-тоқсан) – 4 сауда-сауық орталығы және 23 сауда үйі.