Швейцарияның Давос қаласында жыл сайын өтетін Дүниежүзілік экономикалық форум өз баяндамасында Қазақстан қандай қауіпке ұшырайтынын атады. Қарулы қақтығыс қаупі бірінші орынға шықты.
Жалпы алғанда ДЭФ әлеуметтік, технологиялық, геосаяси, экологиялық және экономикалық салаларда 34 тәуекелді анықтады. Зерттеуге 11 мыңнан астам респондент қатысты. Оларға: «Алдағы екі жылда қандай бес тәуекел сіздің еліңізге қауіп төндіруі мүмкін?» деген сұрақ қойылды. Қазақстан үшін бұл:
- қарулы қақтығыс;
- экономикалық құлдырау;
- су тапшылығы;
- кедейлік пен теңсіздік;
- инфляция.
Қарулы қақтығыстар (мемлекетаралық, мемлекетішілік прокси соғыстар, мемлекеттік төңкеріс және т.б.) ДЭФ есебіне сәйкес 12 ел үшін негізгі қатер. Ондай елдер қатарында Қазақстаннан басқа Кот-д'Ивуар, Эстония, Мали, Румыния, Йемен, Конго, Армения, Израиль және Польша бар. Мысыр мен Сауд Арабиясын қоса алғанда, 11 елде олар ең үлкен қатерлердің бестігіне кіреді.