Қазақстан аумағында орналастырылатын Starlink спутниктік интернет станциялары тек республика аумағына ғана емес, көрші елдерге де сигнал тарататын болады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев мәлімдеді.
Әңгіме Starlink-тің gateway-станциялары туралы болып отыр. Компания инфрақұрылымын Қазақстанда орналастыру жөніндегі келісім билік пен ұйым өкілдері арасында өткен жылдың жазында жасалған.
«Азаматтардың қажеттілігін қамтамасыз етумен қатар, бұл цифрлық инфрақұрылым Қазақстанның өңірлік цифрлық байланыс саласындағы көшбасшылық рөлін күшейтуге мүмкіндік береді», – деді Мадиев.
Атап айтқанда, Тәжікстан биылдың өзінде осы станциялар арқылы спутниктік интернетті пайдалана алады. Келесі кезекте Моңғолия, Қырғызстан және Өзбекстан тұр.