Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов бастаған қазақстандық делегация мен Оңтүстік Кореяның Сауда, өнеркәсіп және энергетика министрлігінің өкілдері, сондай-ақ ядролық технологияларды жеткізуші – Korea Hydro & Nuclear Power (KHNP) компаниясы арасында кездесу өтті.

Кездесу барысында «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС мен KHNP арасында атом энергетикасын дамыту саласындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Осы Меморандумға қол қою Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы атом энергиясын дамыту саласындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға ықпал ететін болады.