Ресей президенті Владимир Путин Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының басшысы Бақытжан Сағынтаевтан ЕАЭО елдерінің экономикасын БРИКС елдерімен бірлескен жұмысқа қалай қосу керектігі туралы ойлануды сұрады.
«Биыл БРИКС-ке Ресей төрағалық етуде. Біздің басқа елдер бұл қауымдастыққа мүше емес, бірақ ол жерде үлкен мүмкіндіктер бар... Бірлестігіміздегі басқа елдердің экономикасын бірлескен жұмысқа қалай қосуға болатынын ресейлік әріптестеріңізбен бірге қарастырып, БРИКС елдерімен жұмыс істеулеріңізді сұраймын», - деді Путин.
Оның айтуынша, барлық елдердің (Ресей, Қазақстан, Беларусь) БРИКС-ке мүше елдермен қандай да бір түрде ынтымақтастығын ескерсек, көптеген қызықты жобалар мен даму бағыттары болуы мүмкін.
«Біз әріптестерімізге Ресей атынан, бірақ біздің ұйымға мүше елдердің мүдделерін ескере отырып, кейбір нәрселерді ұсынсақ, жақсы болар еді», - деп атап өтті РФ басшысы.
Өз кезегінде Бақытжан Сағынтаев Путинге бұл мәселені қолға алуға уәде берді.
Бүгінгі таңда БРИКС-ке тоғыз мемлекет кіреді: Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка, БАӘ, Иран, Египет және Эфиопия.