Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі бір айда 2,1%-ға ұлғайып, 2021 жылғы сәуірдің соңында 15 102,1 млрд теңге болды. Заңды тұлғаларға кредиттер көлемі 7 152,4 млрд теңгеге дейін 1,3%-ға, жеке тұлғаларға кредиттер көлемі 7 949,7 млрд теңгеге дейін 2,8%-ға ұлғайды.
Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі бір айда 13 314,1 млрд теңгеге дейін 2,5%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 2,2%-ға, жеке тұлғаларға кредиттер – 2,8%-ға өсті. Шетел валютасындағы кредиттер көлемі 1 788,0 млрд теңгеге дейін 1,2%-ға төмендеді. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 1,2%-ға, жеке тұлғаларға кредиттер 2,6%-ға төмендеді. Кредиттердің теңгемен үлес салмағы 2021 жылғы сәуірдің соңында 88,2%-ды құрады (2020 жылғы желтоқсанда – 87,0%).
Ұзақ мерзімді кредиттер көлемі бір айда 12 909,8 млрд теңгеге дейін 2,2%-ға, қысқа мерзімді кредиттер көлемі – 2 192,3 млрд теңгеге дейін 1,4%-ға ұлғайды.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2021 жылғы сәуірде 2 518,6 млрд теңгеге дейін 3,8%-ға өсті (экономикаға берілген кредиттердің жалпы көлемінен 16,7%).
Салалар бойынша бөлгенде банктердің экономикаға берілген кредиттерінің неғұрлым елеулі сомасы өнеркәсіп (жалпы көлемдегі үлесі – 13,3%), сауда (11,7%), құрылыс (4,0%) және көлік (3,2%) сияқты салаларға тиесілі.
2021 жылғы сәуірде банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 11,6% (2020 жылғы сәуірде – 12,1%), жеке тұлғаларға – 17,3% (17,1%) болды.