Үкіметтің пессимистік жоспарында мұнай бағасын барреліне 60 доллар делінген,  министрлер кабинеті Трамп мұнайды 40 долларға дейін арзандататынына сенбейді. Есесіне Ұлттық экономика министрлігі баға ОПЕК+ белгілеген 75 доллар дәлізінде сақталады деп күтеді.

«Біз мұның бәрін бастан өткердік. Тарихқа көз жүгіртсек, егер мұнай бағасы айтарлықтай төмендесе, кейін ол күрт көтеріледі. Өйткені оны өндіру керек, ол үшін мұнай кен орындарына үнемі инвестиция салу керек. Инвестициясыз саланың болуы мүмкін емес. Ал инвестиция үшін мұнайдың теңгерімді бағасы қажет», – деді Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров.

Оның пікірінше, бірінші тоқсан АҚШ президентінің жаңа әкімшілігі құрылып, Трамп өзінің экономикалық шараларын ресми түрде жариялағанда белгілі болады. Мұнай бағасы барреліне 40 долларға дейін төмендесе, экономиканың өсімі 4-4,5%-ға дейін төмендеуі мүмкін, деді Байбазаров (үкіметтің 2025 жылға арналған жоспары +5,6%, 2024 жылдың қаңтар-қазанында ЖІӨ 4% өсті).

Еске салайық, өткен аптада «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов та мұнай бағасының 40 долларға дейін төмендейтініне күмән келтірген болатын, өйткені америкалық компаниялар нарықтың құлдырауына мүдделі емес және «мұнайды шығынмен өндірмейді» деді. Алайда Goldman Sachs жасанды интеллект енгізудің арқасында өндіріс тиімділігі артып, өзіндік құнын төмендетуге болатынын айтады.