Агломерацияларды дамыту мақсатында биыл жергілікті билік органдарының агломерацияларды дамыту саласындағы өкілеттіктерін кеңейтуге бағытталған заң қабылданды, деді Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Аманат партиясы депутаттары алдында жасаған баяндамасында.

Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді орталықсыздандыру бойынша жаңа әкімшілік реформа аясында жұмыс жүргізілуде.

Үкіметтің 500-ге жуық функциясы орталық мемлекеттік органдарға берілді және жергілікті атқарушы органдарың өкілеттіктері кеңейтілді.

Мемлекеттік қызметшілер саны 15% қысқартылды.