Қазақстанда салық есептілігі стандарттарының санын 30% қысқарту жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекеттік кірістер комитеті салық есептілігі нысандарының саны 30% қысқарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жалпы, 2009 жылдан бүгінгі күнге дейін форма саны 44% немесе 70-тен 39-ға қысқарды. Нәтижесінде бүгінгі күні бекітілген 39 салық есептілігі нысандарының ішінде мемлекеттік кірістер комитеті 20-ға жуық нысанды қалдыруды көздеп отыр», - деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитеті.
Сонымен қатар, оларды толтыруды жеңілдететін ақпараттық жүйелер деректері негізінде декларацияларды алдын ала толтыру функционалдығын енгізу жоспарлануда.
«Жаңа Салық кодексі аясында нөлдік көрсеткішпен есеп беру міндетін алып тастау ұсынылып отыр. Бұл норманы енгізу есеп-шотқа тыйым салуды, әкімшілік айыппұлдарды, сондай-ақ әрекетсіз салық төлеушілер тізіміне енгізуді болдырмауға мүмкіндік береді», - деп хабарладымемлекеттік кірістер комитеті.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде салық есептілігі нысандарының ұсынылатын саны 33% немесе шамамен 3 млн-ға азаяды деп күтілуде, деп қорытындылады мемлекеттік орган.