2022 жылдың басынан бері пайдаланылмай жатқан және берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы 7,8 мkн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі. Атап айтқанда:
- Қарағанды облысында – 1,5 млн га;
- Қостанайда – 738 мың га;
- Ақтөбеде – 745 мың га;
- Түркістанда – 631 мың га;
- Павлодар облысында – 532 мың га жер қайтарылды.
Республикада жер пайдаланушыларға қатысты 5,5 млн га аумақта 2 410 жоспардан тыс тексерулер тіркеліп, олардың нәтижелері бойынша 3,1 млн га аумақта жер заңнамасын бұзушылықтарды жоюға 1597 ұйғарым шығарылды, 246 материал. 240,9 мың гектар аумақта соттарда қаралуда.
Тиісті шараларды қабылдағаннан кейін жер пайдаланушылар 2,7 млн гектар аумақта ауыл шаруашылығы жерлерін игеруге кірісті.
Сонымен бірге, қабылданған шешімдердің заңдылығына ЖАО-ға қатысты жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша 526,3 мың га аумақта ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беру туралы ЖАО-ның 515 заңсыз шешімі анықталды. Оның 135 шешімі жойылды, ал қалған 380 шешімнің күшін жою жұмыстары жүргізілуде.