Қазақстанда қоғамдық тамақтану орындары көбейді. Былтыр 15 826 орын тіркелді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 4,5% артық (15 146 бірлік).
Өткен жылы мейрамхананың көбеюі ерекше байқалды, 2023 жылы олардың саны 2 303 болса, 2022 жылы 2106 бірлік болған. Асханалар да 4 752-ден 5 383 бірлікке дейін өскен.
Мейрамхана мен асхана санының өсуі аясында кафелер азайды, 2022 жылғы 5 016-дан 2023 жылы 4 479 бірлікке дейін қысқарған.
Өңірлер бойынша мейрамхана ең көп Астана (400 бірлік), Алматы (351 бірлік) қалалары мен Түркістан облысы (213 бірлік). Кафелер – Алматы (508 бірлік), Астана (385 бірлік) қалаларында және Қарағанды облысында (464 бірлік) көп.
2023 жылы қоғамдық тамақтану саласында көрсетілген қызметтер көлемі 1,1 трлн теңгені құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 11,9% артық.