2020 жылы бюджеттен 252 млрд теңге жұмсалған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.
"Оның 28 млрд теңгесіне дәрі-дәрмек, қорғаныс құралдары, медициналық техника сатып алынды. 197 млрд теңге дәрігерлер мен СЭС қызметкерлерінің еңбекақысын, үстемеақысын, іс-сапар шығындарын төлеуге жұмсалды. Сонымен бірге 20 млрд теңге медициналық сақтандыру қоры арқылы халыққа көрсететін медициналық көмек ақысы төленді. Соның ішінде 5 млрд теңге Дүниежүзілік банк арқылы жасанды тыныс алу апараттарын сатып алуға жұмсалды", – деді министр.
Ал, 2021 жылы коронавируспен күреске 556 млрд теңге бөлінген.
Биыл осы мақсатқа 86 млрд теңге қаралып отыр. Оның 9 млрд теңгесі Vero Cell мен QazVac екпелерін алуға жұмсалса, 20 млрд теңгесі былтыр сатып алынған Pfizer ақысын төлеуге арналған.