Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі бір айда 3,3%-ға ұлғайып, 2020 жылғы қыркүйектің соңында 21 371,2 млрд теңгені құрады. Заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 11 141,0 млрд теңгеге дейін 4,5%-ға, жеке тұлғалардың депозиттері 10 230,2 млрд теңгеге дейін 2,1%-ға өсті.
Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі бір айда 12 631,1 млрд теңгеге дейін 2,2%-ға, шетел валютасындағы депозиттер көлемі 8 740,1 млрд теңгеге дейін 5,1%-ға ұлғайды. Долларлану деңгейі 2020 жылғы қыркүйектің соңында 40,9% (2019 жылғы желтоқсанда – 43,1%) болды.
Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2020 жылғы қыркүйекте 6 624,1 млрд теңгеге дейін 3,5%-ға ұлғайды, шетел валютасындағы депозиттері 4 516,9 млрд теңгеге дейін (заңды тұлғалар депозиттерінің 40,5%-ы) 6,1%-ға ұлғайды.
Жеке тұлғалардың теңгемен депозиттері 6 007,0 млрд теңгеге дейін 0,8%-ға, шетел валютасындағы депозиттері 4 223,2 млрд теңгеге дейін (жеке тұлғалар депозиттерінің 41,3%-ы) 4,0%-ға өсті.
Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 3,1%-ға ұлғайып, 14 540,7 млрд теңгені құрады. Олардың құрылымында ұлттық валютадағы салымдар 8 739,6 млрд теңгені, шетел валютасындағы салымдар – 5 801,1 млрд теңгені құрады.
Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2020 жылғы қыркүйекте 7,2%-ды (2019 жылғы қыркүйекте – 7,2%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 9,8%-ды (9,3%) құрады.